ТАРИХИ ШЫНДЫҚ ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК ШЕШІМ
Кілт сөздер:
тарихилық, дәуір шындығы, тарихи тұлға, типтік сипат, деректер, бостандық, азаттық күресі, ұлттық рух, архивтік деректер, халықтық аңызАңдатпа
Бұл мақалада М. Әбдіхалықовтың “Сүйінқара” романының арқауына айналған тарихи тұлғалардың көркем тұлғасының жасалуы жайында сөз болады. ХҮІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың басындағы еліміздің батыс өңірі Маңғыстаудағы қалыптасқан күрделі қоғамдық-саяси жағдайды сипаттайтын сюжеттік-композициялық өрнегі жымдаса құрылған идеялық мазмұны жоғары, көтерген тақырыбы терең шығарма “Сүйінқара” романының жанрлық-тақырыптың мәнін ашу, бас кейіпкері, бір кезде халық жауы атанып, жариялауға мүмкіндік бермеген тарихи тұлға Сүйінғара Үргенішбайұлы образының сомдалу жағындағы артықшылықтары мен жеткіліксізсіз тұстары, сондай- ақ, өзіне тән өзгешеліктері қарастырылады.
Мұнда, жазушының тарихи романдағы тарихи шындық пен көркемдік шындықтың арақатынасын ылайықты орналастыра отырып, тарихи тұлғаның образын көрнектілендіру жақтары нақты мысалдармен түсіндіріледі. Әрі тарихи романдардағы тарихи тұлғалардың бейнесін ашудағы жазушы шеберлігі мен шығарманың көркемдік қуатын айқындайтын
теориялық тұжырымдар ұсынылады. Аталған романдарды талдау барысында зерттеушілердің де сын-пікірлері дәйексөз ретінде алынып, нақты тұжырым жасалды. Сонымен қатар, жарық көрген тарихи романдардағы тарихи тұлғалардың образын суреттеу барысындағы сақталған ортақ ерекшеліктер аталған романдарды талдай отырып көрсетіледі.