Хабарландыру

31.03.2025

Құрметті авторлар!

«Yessenov Science Journal» журналы бұрын жарияланбаған эксперименттік сипаттағы мақалаларды жариялауға қабылдайды. Шолу мақалалары журнал редакциясының тапсырмасы бойынша ғана қабылданады. Мақалалар журналдың бөлімдеріне сәйкес келуі керек:

Журналдың тақырыптық бөлімдері:

- Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар;

- Техникалық ғылымдар;

- Жаратылыстану ғылымдары.

Журналда жариялау үшін ғылыми мақалаға қойылатын талаптар Авторларға бөлімінде келтірілген.

Мақаланы жариялау үшін ақы төлеу тәртібі мен құнын Есенов Университет баспасы белгілейді және оны автор сыртқы рецензенттер мен ғылыми редактор бекіткеннен кейін жүзеге асырады. Журналда жариялау үшін ғылыми мақалаға қойылатын талаптар Мақаланы жіберу бөлімінде келтірілген.